$ 494.87  520.65  4.91

«Үш жыл бойы азғындық жасаған»: БҚО-да мектеп директорына қатысты іс қозғалды

Ер адам 2020 жылы жазасын алды, енді құқық қорғау органдары мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Батыс Қазақстан облысында кішкентай қызға жасалған азғындық әрекетке қатысты сот ісі әлі де жалғасып жатыр. Бұл жолы сотқа қыз оқыған мектептің директоры тартылды, деп хабарлады Sputniknews.kz  "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.

2020 жылы Жаңақала ауданының тұрғыны Жақсыбай Сұлтан 20 жылға сотталды. Ол 10 жастағы өгей қызына қатысты үш жыл бойы азғындық жасады деп айыпталды.

Тергеу қыздың мұғалімдері бұл оқиға туралы білгенін, алайда құқық қорғау органдарына әдейі жүгінбегенін көрсетті. Нәтижесінде мектеп-гимназия директоры Лариса Қожахметоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ал қалған мұғалімдер аудандық білім бөлімі тарапынан қатаң сөгіс алды.

Қылмыстық іс сотқа 2020 жылдың 7 сәуірінде түскен. Жаңақала мектеп-гимназиясының директоры Лариса Қожахметоваға қылмыстық кодекстің 434-бабы "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша айып тағылды. Істі Жаңақала ауданы сотында судья Ілияс Іргебаев қарайды.

Негізгі сот процесі 16 сәуірге белгіленген.

Мектеп директоры адвокатының айтуынша, Лариса Қожахметова директор қызметінен шеттетіліп, үй қамауына алынды.

Айта кетейік, іс материалдарына сәйкес 2015 жылы Сұлтанов шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған (тонау, ұрлық бойынша отырған). Содан кейін қыздың анасымен танысып, бірге тұра бастайды. 2016 жылы қызға тиісе бастаған. Ол өгей қызын 2016 жылдан 2019 жылға дейін үш жыл ішінде жеті рет азғырған. Сотта ол өз кінәсін ішінара мойындады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары