Синоптиктер 17-19 сәуірге арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Метеорологтардың мәліметі бойынша, республикамыздың солтүстік жартысында ауа-райының күрт бұзылуы күтіледі.
Республикамыздың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады. 19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарда Скандинавия түбегінен ойысқан салқын антициклонның келіп жетуі салдарынан жаңбырдың арты қарға ұласады, түнде сынап бағаны минус 5-12 дейін төмендеп, көктайғақ, қарлы боран болады деп күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
"Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, қатты жел тұрып, оңтүстік жартысында найзағай ойнайды", дейді қосымша ведомствадағылар.