$ 494.87  520.65  4.91

Елордада 4 жасар баланы көлік қағып кетті

Бала аулада самокатпен сырғанап жүрген.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Елордада «BMW X5» көлігі 4 жасар сәбиді қағып кетіп, мерт қылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«16 сәуір күні сағат 19.21-де 102 каналына Сарыарқа даңғылы бойындағы үйлердің бірінің ауласында баланы көлік қағып кеткені туралы хабарлама түсті. «BMW X5» көлігінің 25 жастағы жүргізушісі алға жылжып келе жатып, самокатпен сырғанап жүрген 4 жасар сәбиді қағып кеткені анықталды. Сәби алған жарақатынан қаза тапты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша оқшаулағышқа қамалды», - деді ведомстводан.

Осыған орай Полиция департаменті жүргізушілерге тұрғын үй аумағында және аулаларда жүрген кезде барынша сақ болуға шақырады. Көлік құралдарын үйге кіре берістен балалар ойын алаңына дейінгі бағдарға көліктерін қоймау қажеттігін ескертеді.

Сонымен қатар кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының қаперіне оларды қараусыз қалдырмауға және жол бойында ойнау қауіпті екендігін ескертуге кеңес береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жол #көлік