Алматыдағы Балалар білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жасар қыз соққы жеген. Бұл туралы "НеМолчиKz" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі мәлімдеді. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Дина Таңсәрінің айтуынша, балада соққы іздері бар, миы шайқалған.
"Директор мұны басқа бір бала жасады дейді! Оған сену қиын", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.
Полиция департаменті істің тергеліп жатқанын хабарлады.
"Аталған факт ҚК-нің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Істі Жетісу аудандық ПБ қарап жатыр. Тергеу аясында тиісті сараптамалық зерттеулер жүргізіледі. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.