$ 494.87  520.65  4.91

«Ірі көлемде пара алған»: Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды

Байзақ аудандық прокуратурасының қызметкері пара алды деген күдікке ілінді.
Фото: 24.kz
Фото: 24.kz

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Прокуратура қызметкерлерінің жемқорлық әрекеттерінің алдын алу жұмыстары аясында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облыстық департаментінің қызметкерлерімен бірлесе отырып 16 сәуір күні Байзақ аудандық прокуратурасының қызметкерін ұстады. Ол айтарлықтай көлемде пара алды деген күдікке ілінді», - делінген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз хабарламасында.  

Ведомство өкілдері қазіргі уақытта қажетті тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары