$ 494.87  520.65  4.91

«Күн сайын ұрады»: Жаңаөзенде анасы аяусыз ұрған қыздың жағдайы белгілі болды

Анасы қазын темір затпен ұрғаны белгілі болды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Жаңаөзенде анасы қызын аяусыз ұрып-соққан. Білім басқармасында қыздың басын темір затпен ұрғаны белгілі болды. Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлайды.

Бастапқыда қызды ауруханаға алып келіп, содан соң бейімделу орталығына жіберген. Жәбірленуші мамандардан оны үйіне қайтармауын өтініп сұраған. Ол жақын адамынан таяқ жейден шаршағанын айтады.

Жарақат алған 16 жастағы жасөспірімді өгей әкесі ауруханаға алып келді. Оның анасы оны темір затпен ұрғаны белгілі болды.  Қыздың бас миы шайқалған. Білім беру саласының қызметкерлері мен полиция істі қолға алды.

«Қызды анасы басынан темір затпен ұрған. Қазіргі уақытта қыздың жағдайы қанағаттанарлық. Қазір анасын ата-ана құқығынан айыру бойынша іс жүргізілуде. Анасымен сөйлесу мүмкін болмады, себебі ол өзін адекватты ұстап тұрған жоқ», – дейді Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің бас маманы Сандуғаш Сарбекова.

Бұл отбасында тәрбиелеудің қатаң әдістері үнемі қолданылатыны белгілі болды. Қыздың айтуынша, анасы оны күн сайын ұрады. Қыз бұл отбасында жалғыз бала, оныншы сыныпта оқиды. Мектеп оқушысы қазір оны үйіне қайтармауын өтінуде.

«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижелерін алғаннан кейін материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін сотқа жіберіледі. Ата-ана құқығынан айыру – бұл төтенше шара, дейді білім бөлімінде. Ол мамандардың араласуынан кейін отбасы мүшелері ортақ тіл таба алмаған жағдайда ғана қолданылады», – дейді Маңғыстау облысы ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары