Синоптиктер дүйсенбі, яғни 19 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады,, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Циклон жырасы солтүстік-шығысқа ығысады және онымен байланысты фронталды бөліктердің өтуімен солтүстікте кей жерлерде жауын-шашын, шығыста кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-шығыста кей жерлерде найзағаймен жаңбыр жауады. Циклон артынан Скандинавия аралынан суық антициклон келіп, еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарында ауа температурасы төмендейді. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, еліміздің солтүстік бөлігінде кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін, жел түнде 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел түнде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде түнде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел 15-20, екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында жел түнде 15-20, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай болады, жел кей жерледе 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, жел 15-20 м/с дейін соғады.
Ақтөбе, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.
Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.