$ 439.43  473.31  4.82

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті

Актриса "Сіз кімсіз, Ка мырза?", "Біржан сал", "Айналайын", "Ләйләнің зары", "Кемпір", "Зауал" және тағы басқа фильмдерде ойнаған.
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Әбдінәбиева өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Қаралы хабарды Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Асхат Маемиров естіртті. 

"ҒАЗИЗА АПА.... Апа-оу егілттіңіз ғой, жылаттыңыз ғой дүйім елді.... Қазақ театры мен кино өнерінің мақтанышына айналған Ғазиза Әбдінәбиева дүниеден өтті. Аты жаман тажал ауру ешкімді аямады. Жарты ғасыр бойы қазақ театрының төрінде шынайылығымен, табиғи талантымен көрерменін тамсандырған Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, "Парасат", "Құрмет" ордендерінің иегері Ғазиза Әбдінәбиева - жаны мен жүрегі мейірімге толы, адалдықты ту еткен болмысы бөлек жан еді.... Сахна кеңістігінде Мөржандай асыл аналардың, Ару қыздардың бейнесін сомдаған аса талантты актриса, аяулы жан дүниеден өтті. Көкіректі кернейтін өкініш... Ғазиза Апа, асыл апам-ай...", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында. 

Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туған. Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) "актерлік шеберлік" факультетін бітірген (1970). Консерваторияның 4-курсында оқып жүріп, 1969 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады. 1969-1993 жылдары осы театрда аянбай еңбек етеді. 1993 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік бөліміне ауысқан.

Актриса "Сіз кімсіз, Ка мырза?", "Біржан сал", "Айналайын", "Ләйләнің зары", "Кемпір", "Зауал" және тағы басқа фильмдерде ойнаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары