$ 494.87  520.65  4.91

Мамандар парацетамолдың қауіпті екенін анықтады

Олардың айтуынша, шамадан тыс қабылданған препараттың аз ғана дозасы жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін.
Фото: elements.envato.com
Фото: elements.envato.com

Англия ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) мамандары парацетамолдың дозасын артық қабылдаудың салдарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Express сайтына сілтеме жасап. 

Олардың айтуынша, шамадан тыс қабылданған препараттың аз ғана дозасы жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін.

«Жиі кездесетін симптом - жүрек айнуы. Бұл гепатотоксиндік дозаны қабылдағаннан кейін бірнеше сағат ішінде пайда болады, бұл өз кезегінде бауырдың зақымдалуына әкелуі мүмкін»,  делінген хабарламада.

Сондай-ақ, препаратты артық ішкеннен ұйқышылдық, сарғаю болып, іштің оң жақ жоғарғы бөлігі ауырсынуы мүмкін.

«Парацетамолды жапсырмадағы немесе қаптамасындағы нұсқаулыққа сәйкес қабылдаңыз»,  деп кеңес береді денсаулық сақтау органы өкілдері.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары