$ 494.87  520.65  4.91

Оңтүстікте үсік пен аяз күтілуле

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 20-21 сәуірден бастап Алматыда Скандинавиядан суық арктикалық ауа келетінін айтқан болатын
фото: tengrinews.kz
фото: tengrinews.kz

Қазақстанның оңтүстігінде күн суытады. "Қазгидромет" синоптиктері 20-22 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Жауын-шашынның қарға ұласуына және елдің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне себеп болған Скандинавия түбегінен келген суық антициклон Қазақстан арқылы жылжуын жалғастырады.

"Енді оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, сондай-ақ кей жерде 3 градусқа дейін аяз болады", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін синоптиктер 20-21 сәуірден бастап Алматыда Скандинавиядан суық арктикалық ауа келетінін айтқан болатын. Осыған байланысты түнде 5 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Күндіз күн жылы болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Оңтүстік