$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда 6 айлық сәби үшінші қабаттағы терезеден құлап, аман қалды

Оқиға орнына дереу ТЖД мен жедел жәрдем қызметкерлері жіберілген.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қостанай облысындағы үйлердің бірінде 6 айлық бала үшінші қабаттағы терезеден құлап түсті. Оның өмірін үйдің екінші қабатында орнатылған күнқағар сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облыстық ТЖД-ның мәлімдетінше, оқыс оқиға 17 сәуір күн Қостанай қаласындағы Б.Майлин көшесіндегі 18-үйде болған.

«Кешкі сағат 17:00-де алты айлық баланың үшінші қабаттан екінші қабатта орнатылған күнқағарға құлап түскені туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу ТЖД мен жедел жәрдем қызметкерлері жіберілді», - деді ТЖД өкілі.

Құтқарушылардың мәліметінше, олар келгенше ата-анасы сәбиді жерге алып түскен. Бала зардап шеккен жоқ, медициналық көмекті қажет еткен жоқ.

«Абырой болғанда, бәрі жақсы аяқталған. Бірақ осындай қауіпті жағдай ата-аналардың салғырттығынан болатынын атап өту керек. Құрметті ата-аналар, егер үйде бала болса, терезені ашық қалдырмаңыздар, баланы терезенің алдына тұрғызбау қажет. Бала шығып кетпеу үшін терезеге жақын жиһазды да алып тастау керек. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!», - деп ескертеді құтқарушылар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары