$ 494.87  520.65  4.91

Оралда ер адам өзінің әйелін 18 рет пышақтаған

Полиция қызметкерлері 30 жастағы әйелді қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізген.

Оралда ер адам өзінің әйелін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 19 сәуір күні Орда көшесінде болған.

«1991 жылғы ер адам әйелін пышақтаған. Күдікті шамамен сағат 17.00-де Абай даңғылы бойындағы жабық мұз айдыны сарайы тұсында ұсталды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Қосымша ақпарат кейін берілетін болады»,  деді Б.Белгібеков.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Орда көшесі, 1/1 мекенжайына жедел жәрдем сағат 16.46-да шақырылды.

Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткенше, зардап шеккен әйелді ауруханаға алып кеткен.

Полиция қызметкерлері 30 жастағы әйелді қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізген. Бірнеше мәрте (алдын ала мәліметке қарағанда, 18 рет) пышақ сұғылған ол ауруханада көз жұмды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары