$ 494.87  520.65  4.91

Tik-Tok түсірген мұғалімдер жұмыстан қуылып жатыр (ВИДЕО)

Ұстаздың айтуынша, директор оның Tik-Tok-тағы видеосын теріс мақсатта түрлі уатсап-топтарға таратып, күйе жағуға тырысқан.

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданындағы музыкалық мектептің меңгерушісі Tik-Tok түсіргені үшін жұмысынан қуылды,  деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Билеп жүріп, бір сәтте жұмыссыздардың қатарына қосылған Сандуғаш Бисенғалиева басшысының бұл шешімімен келіспейді. Айтуынша, бұған директормен арадағы араздық себеп болыпты.

Сандуғаш Бисенғалиева мектеп директоры мен бас есепшінің ақша жымқырғанын аңғарған. Осылайша құзырлы органдарға арызданған. Аудиттік тексеру кезінде мектеп басшылығының 26 миллион теңге ұрлағаны анықталған. Мұғалімнің айтуынша, содан кейін директор оны қудалап, қалай да өш алуға тырысқан.

"Қаңтарда қалай финполицияға бердік, содан бері сыйғызбай келе жатыр ғой. Анаған байланады, мынаған байланады, орныңнан алып тастаймын. Істемейсің бұл жұмысты! Менде Tik-Tok-та аккаунт бар. Өзім оқушыларыммен түсемін. Ән айтамын, бишімін ғой. Шауып келіп бір күнде жұмыстан шығарып тастауы менің 25 жылдық еңбегімді жоққа шығарғаны ғой", - деді БҚО Теректі аудандық музыкалық мектебініің бұрынғы меңгерушісі Сандуғаш Бисенғалиева.

Әділдік іздеген мұғалім Теректі аудандық білім бөлімі мен еңбек инспекциясына шағымданған. Өйткені кек алуға тырысқан мектеп директоры заңды белден басып, бір күнде бірнеше рет сөгіс жариялапты. Тіпті ауырып үйінде жатса да, жұмыстан шығарып жіберген.

Сандуғаштың айтуынша, директор оның Tik-Tok-тағы видеосын теріс мақсатта түрлі уатсап-топтарға таратып, күйе жағуға тырысқан. Жеке видеомды көптің талқысына ұсынып, этика әдебінен аттап кетті, дейді күйінген ұстаз.

Мұны аудандық білім бөлімі растап отыр.

"Мектеп директоры өз қызметкерін жұмыстан шығармастан бұрын, білім бөлімін ескертуі керек. Бірақ ол бұл туралы тіс жармады. Сондықтан директоры қызмет бабын асыра пайдаланды деп санаймын. Әрі адамның жеке видеосын таратуға болмайды. Туындаған дауды заң аясында шешуге тырысамыз", - деді БҚО Теректі аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Жанаргүл Құсайынова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары