Бұқар Жырау ауданы Тоғызқұдық ауылында 35 жастағы әйел күйеуінің қолынан қаза тапты. Күдікті алдымен әйелі хабар-ошарсыз кеткенін айтып, полицияға хабарлаған. Кейін өзіне қол жұмсағаны белгілі болды - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
35 жастағы Бота (Қазан — құжаттағы аты) Балби күйеуі, үш баласы және күйеуінің ата-анасымен бірге Тоғызқұдық ауылында тұрған. Мектепте асхана жұмысына жауап беріп, қоғамдық жұмыстарды атқарған. Туыстарының айтуынша, жұбайымен ара-қатынасы жақсы болмаған. Былтыр ақпанда әпкесіне қоңырау шалып, күйеуі мен қайын енесі ұрғанын айтып, оны алып кетуді сұраған.
"Оған барған кезде денесінің көгеріп, ісіп кеткенін көрдік. Ол енді күйеуімен бірге тұрғысы келмейтінін және бұл алғашқы жағдай емес екенін айтты. Біз оны және екі үлкен баласын алып кеттік. Кіші қызын бізге бермеді. Теміртауда Бота полицияға арыз жазды, бірақ кейінірек оны қайтарып алды. Өйткені күйеуі кешірім сұрап, оған жалынып жүрді. Балалары үшін ол күйеуін кешірді. 22 қыркүйекте Бота ауылға үй шаруашылығына көмектесу үшін барды. Өйткені оған қайын енесі аурып жатып қалғанын айтты. Бірақ ол Теміртауға оралатынын айтып кеткен еді. Кіші қызын да әкелмек болған", - деді марқұмның әпкесі Сайран Балби.