$ 447.4  477.55  4.76

Бүгін Балқашты қар басып қалды

Тұрғындар қалаға қар жауғанын растайтын видео жіберген.

Ауа-райы тосын сый жасап, Балқаш қаласында сәуір айында қар жауды, деп хабарлайды zakon.kz.

Тұрғындар қалаға қар жауғанын растайтын видео жіберген.

"Көк пияз, құлпынай, өрік", - деп автор қар астында қалған жеміс-жидектерін зор өкінішпен көрсетеді видеода.

Ауа-райы болжамына сәйкес, 20 сәуірде Балқашта қар жауып тұр, сынап бағаны минус екіге дейін төмендеген.

Бұған дейін синоптиктер елімізде күн күрт суытып, қатты жел тұратынын ескерткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары