20.04.2021, 16:00

Қазақстан-Түркия рейстері қысқаратын болды

Фото: inform.kz
«26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды» - деп жазылған баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

 Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазды NEGE.

«Ведомствоаралық комиссияның тиісті хаттамасына сәйкес 26 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы рейстердің жалпы санын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқарту тапсырылды» - деп жазылған баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Ведомстовның ресми мәліметінде көрсетілгендей, қысқартылған рейстердің кестесі мынадай: 20 сәуірдегі жағдай бойынша екі ел арасында 7 бағыт бойынша аптасына 20 рейс орындалады:

- Нұр-Сұлтан – Ыстанбұл, 2 рейс - Нұр-Сұлтан – Анталя, 1 рейс - Алматы – Ыстанбұл, 7 рейс - Алматы – Анталя, 5 рейс - Түркістан – Ыстанбұл, 2 рейс - Ақтау – Ыстанбұл, 1 рейс - Шымкент – Ыстанбұл, 2 рейс. «Рейстер саны бойынша шектеулер эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін қолданылады», - деп толықтырды баспасөз қызметі.