$ 494.87  520.65  4.91

Таразда белгілі кәсіпкердің қызын ұрлап, ақша талап еткені рас па?

Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабымен (Адам ұрлау) шұғыл түрде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы да құрылып отыр.

Тараз қаласында адам ұрланды деген ақпарат рас болып шықты. Кейбір ақпарат көздерінде ұрланған қыз белгілі кәсіпкердің қызы екені айтылуда.

Жамбыл облысында адам ұрлау фактісі бойынша тіркелген қылмыстық оқиға қызу талқылануда. Тәртіп сақшылары анық-қанық ақпарат бермегенімен, аталған қылмысқа қатысты түрлі жайттар айтылуда.

Ең әуелі облыстық Полиция департаменті берген ресми мәліметке сүйенсек, оларға 46 жастағы жақын туысының кенеттен жоғалып кеткені туралы Тараз қаласының тұрғыны арыз түсірген. Ең қызығы, тұрғын Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовке арызын тікелей жеткізген. Содан генерал-майор бүкіл қызметкерлерін тік тұрғызып, жедел-іздестіру шаралары басталған. Тәртіп сақшыларының қырағы жұмысының арқасында ұрланған әйел Жамбыл ауданына қарасты ауылдардың бірінен табылып, күдікті ретінде екі азамат ұсталған.

Қазір аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабымен (Адам ұрлау) шұғыл түрде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы да құрылып отыр.

Бұл құзырлы органнан келген ресми ақпарат. Ал енді сенімді дереккөздің мәліметіне сүйенсек, ұрланған 46 жастағы азаматша «Dmitri&Company» атты жолаушылар тасымалдау компаниясы иесінің қызы екен. Күдікті ретінде ұсталған екі азамат оның қызын ұрлап әкетіп, ірі көлемде ақша талап еткен көрінеді. Алайда кәсіпкер тәртіп сақшыларының көмегіне жүгініп, қызын ақша бермей құтқарып отыр.

Полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов аталған қылмыстық істің тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауында болатындығын айтқанына қарағанда бұл ақпарат шындыққа жанасатын секілді. Айтпақшы, «Dmitri&Company» қожайыны бір жылдары автопаркты ашу кезінде оған оқ атылып, өлім аузынан қалған болатын. Осы екі оқиға бір-бірімен байланысты ма, әлде жоқ па, ол жағын тергеу амалдары анықтай жатар.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары