БҚО-да TikTok-тағы видеосы үшін жұмыстан босатылған мұғалім қайтадан жұмысқа орналастырылды. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының білім бөлімі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.
"Бізге Сандуғаш Бисенғалиевадан заңсыз жұмыстан босату жайлы шағым түсті. Біз шағымды қарастырдық. Педагогты өз лауазымына қайта орналастыру туралы шешім қабылданды", - деп атап өтті аудандық білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Құсайынова.
Мұғалімнің айтуынша, келеңсіздік бір топ оқытушының заң бұзушылық туралы шағыммен қаржы полициясына жүгінгеннен кейін туындаған.
"Саз мектебінің директоры Айдана Давлетова мені жұмыстан босатуға себеп іздеді, ақырында TikTok-тағы видеоға тиісті. Ол өзі менің рұқсатымсыз басқа адамдарға видеоны тарату арқылы этикалық норманы бұзды. Tik Tok білім беру платформаларының тізіміне кірмейді. Бірақ оған тыйым да салынбаған", - деді Сандуғаш Бисенғалиева.
Еске салсақ, Сандуғаш Бисенғалиеваға қатысты жағдай қоғамдық резонанс тудырған еді.
Музыка мектебінің директорының орынбасары Tik Tok әлеуметтік желісінде ән айтып, би билеген видеоларын. Музыка мектебінің директоры алдымен мұғалімге сөгіс жариялады, содан кейін оны педагогикалық этиканы бұзғаны үшін жұмыстан шығарды.