21.04.2021, 18:20

Тоқаевқа Қазақстандағы блокчейн-технологиялардың дамуы жайында айтылды

Фото: ашық дереккөзі
Бұл елімізде көптеген жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, ал, салық саясатына енгізілетін кей өзгерістер ел бюджетіне қосымша түсім әкеледі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның блокчейн-технологиялар ассоциациясының басшысы Исламбек Салжановты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы блокчейн-технологиялардың дамуы жайында баяндалды. Исламбек Салжанов іске асырылып жатқан нақты жобалар жайында, сондай-ақ, Үкіметпен бірлесе отырып аталған салаға халықаралық компаниялар мен инвесторларды тарту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында орындалған жұмыстар туралы мәлімет берді.

Ассоциация басшысының сөзінше, бұл елімізде көптеген жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді, ал, салық саясатына енгізілетін кей өзгерістер ел бюджетіне қосымша түсім әкеледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет жаңа технологияларды экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.