Атырау облысы ПД Көрші-қон қызметі басқармасы жыл басынан 4 тұлғаны ҚР азаматтығынан айыру бойынша құжат рәсімдеді. Олардың барлығы Ресей азаматтығын алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Облыс аумағында қос азаматтықпен жүргендерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен олардың біріне 408 380 теңге айыппұл салынса, 3 тұлғаға ҚР аумағынан тысқары шығарып жіберу туралы шешім қабылданды» ,- деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол берілмейді. Яғни, шетел азаматы бір мезгілде Қазақстан Республикасының азаматы бола алмайды. Егер Қазақстан Республикасының азаматы басқа мемлекеттің азаматтығын алатын болса, онда сол кезден бастап Қазақстан Республикасының азаматтығы сақталмайды.