Жаңалықтар 23.04.2021 сағат 08:00

Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жариялады

Еліміздің біраз өңірінде жел күшейіп, дауыл күтілуде.
Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жариялады
Фото: baq.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Қазгидромет 23-24 сәуір күнгі ауа райына байланысты Қазақстанның бірнеше өңірінде ескерту жариялады деді BAQ.KZ.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 23 сәуірде күндіз екпіні 25 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, найзағай, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде жылдамдығы15-20 м/с жетеді. 

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. 

Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. 

Атырау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с. 

Қызылорда облысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23 м/с күтіледі. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. 

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, 23-24 сәуірде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Түнде 23-24 сәуірде кей жерлерде 3 градус үсік сақталады.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар