Демалыс күндері Қазақстанда күн жылы болады. "Қазгидромет" синоптиктері 24-26 сәуірге арналған ауа райы болжамын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Атлантикалық циклонның жақындауымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі.
"Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, еліміздің оңтүстік бөлігінде шаңды дауыл тұрады, сондай-ақ кей жерлерде жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауады, батыс өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 21 сәуірде Қазақстанның оңтүстігінде қар жауды.