23.04.2021, 18:00

35 көңілдесі бар жігіт түрмеге қамалды

Алданған 35 әйел бірігіп, ақпан айында Миягаваның үстінен полицияға арызданған.

Жапонияда көңілдестеріне қатысты алаяқтық жасады деген күдікке ілінген ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

39 жастағы Такаси Миягава құрбандарымен жуанатын бөлмеге арналған тауарды сатып жүрген кезде танысқан. Ер адам әйелдерді үйлену ниеті барына сендірген. Содан кейін туған күніне сыйлықтар сұраған, олардың әрқайсысына әртүрлі күндерді атаған.

Алданған 35 әйел бірігіп, ақпан айында Миягаваның үстінен полицияға арызданған.

Олар ер адамға арналған сыйлықтар мен киімге кем дегенде 100 мың иен (шамамен 400 мың теңге) жұмсаған.

Күдіктінің құрбандарының саны одан да көп болуы мүмкін.