$ 494.87  520.65  4.91

«Спутник V» вакцинасының 17 мың дозасы жіберілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен енді аймақта 7 мобильді бригада жұмыс істей бастайды.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Атырау облысына «Спутник V» вакцинасының 17 мың дозасы жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 23 сәуірде Атырауға Ақтөбе фармацевтикалық хабынан «Спутник V» вакцинасының кезекті партиясы жеткізілді. Биылғы 1 ақпаннан бері Атырау облысына жеткізілген вакцина 32 200-ге жетті.

«Осы кезге дейін «Спутник V» I компоненті 15 018 адамға салынды. Ал, вакцинаның II компонентін 3 535 тұрғын алды. Тұрғындардың вакцина алуына қолайлы жағдай жасау үшін Атырау қаласындағы ірі сауда орталықтарында қосымша вакцинация пункттерін ашуды жоспарланып отыр. Бүгін жеткізілген вакцинаның 7 мың дозасы Теңіз кен орнының жұмысшыларын вакцинациялау үшін бөлінетін болады», - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының бұйрығымен енді аймақта 7 мобильді бригада жұмыс істей бастайды. Олар аймақтың ірі кәсіпорындарының қызметкерлерін вакциналауға шығады.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында 250 мың адам коронавирусқа қарсы вакцина алатынын жазған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары