Қазақстанда 8 әуе компаниясының қызметі тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Авиациялық әкімшілік 2020 жылы ұшу және әуе қауіпсіздігі саласында келесі іс-шараларды атқарды:
- 65 инспекциялық тексеріс; - 9 әуе компаниясын сертификаттау; - аэронавигация саласында 17 аудит; - 31 әуе айлақты сертификаттау; - әуе айлақтарына 19 инспекциялық тексеріс.
Тексеру нәтижелері бойынша ұшу қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтамаған 8 әуе компаниясының, оның ішінде, «Бек Эйр» компаниясының қызметі тоқтатылды.