Ақтөбеде көпқабатты үйде пәтер өртеніп, 78 жастағы қария қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгін Ақтөбе қаласындағы Тургенев көшесінде орналасқан көпқабатты үйде пәтер өртенді. Бесінші қабаттағы пәтерде жиһаз жанған. Оқиға орнына 20 адам және 4 техника жіберілді.
«Жалпы алаңы 15 шаршы метр аумақ жанды. Өрт кезінде 1942 жылы туған пәтер иесінің денесі табылды. Сондай-ақ өрт сөндіру барысында баспалдақ арқыры 6 адам, оның ішінде 3 бала құтқарылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.