$ 444.22  476.38  4.82

Танымал саясаттанушы короновирустан көз жұмды

Ол жан-жақты талантты тұлға болды.
Фото: kznews
Фото: kznews

Бүгін белгілі қазақстандық саясаттанушы Дастан Қадыржанов өмірден озды.

Бұл туралы журналист Ермұрат Бапи әлеуметтік желіге жазды.

«Иә, атың өшкір коронавирус кесапаты Дастанды алып кетті! Асқан білімдар азаматтан, қоғамы мен халқына жанұшырған жанашыр жігіттен, сұңғыла саясаткерден айырылып қалдық!

Ол жан-жақты талантты тұлға болды: публицист, жазушы, ақын, кинодраматург, саясаттанушы, саясаттехнологы және қарапайым жақсы қазақ еді. Ар мен жан тазалығын сақтаған Дастан билік ұсынған ақысы ауыз толтырарлық айтулы қызметтерден әрдайым бас тартып жүретін.

«Зачем мараться этой преступной властью?» деген азаматтық ұстанымын да білем. Асыл арманы көп еді… Қалды бәрі… Кетті… Енді біз қайттік?!» деп жазды Ермұрат Бапи.

Редакция атынан Дастан Қадыржановтың отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтамыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары