$ 445.66  474.58  4.78

Астанада тағы да жол опырылды (ВИДЕО)

Жаяу жүргіншілер жолындағы бұл ойық 24 сәуір күні Тәуелсіздік пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында пайда болып, содан бері жасалмапты.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Астана тұрғындары жаяу жүргіншілер жолында пайда болған шұңқырға наразы болуда. Жолдағы ойық түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды. Видеода тұрғынның кірпіштің бір шетін басып жатқаны байқалады. Алайда жол одан сайын ойылып түседі. 

Жаяу жүргіншілер жолындағы бұл ойық 24 сәуір күні Тәуелсіздік пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында пайда болып, содан бері жасалмапты. 

"Ойықтың пайда болу себебі - жол астындағы кәріз коллекторының төменге түсіп кетуі. Бұл жағдай жаяу жүргіншілердің қозғалысына және ауыз су жүйесінің өшуіне әсер етпейтінін айтамыз", - деді "Астана Су Арнасы" ұйымының өкілдері Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Қазіргі таңда түзету жұмыстары жүргізілуде. 

stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Астана #жол