$ 494.87  520.65  4.91

«СК-Фармацияның» экс-басшысына қатысты алғашқы сот отырысы басталды

Алдын ала тыңдауда Шәріптің адвокаттары оны қамаудан босату немесе үй қамауына алу туралы өтініш берді, бірақ сот өтінішті қабылдамаған.

Нұр-Сұлтан қаласының Есіл аудандық сотында "СҚ-Фармацияның" бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісі бойынша басты сот талқылауы өтіп жатыр,  деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Берік Шәріпке ҚР ҚК-нің 361-баптың 4-бөлігінің 3-тармақшасы ("Ауыр салдарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану")  және 287-бабы 2-бөлігі ("Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") бойынша айыптар тағылған. Іс бойынша Денсаулық сақтау министрлігі жәбірленуші тарапта.

Шәріп "Inkar" ЖШС-ға басқа жеткізушілерге қарағанда бір реттік қорғаныш киімдері үшін жоғары баға ұсынғанына және оны уақытында жеткізбеу қаупі жоғары болғанына қарамастан заңсыз түрде қолдау көрсетті деп айпталған.

ЖШС жеткізу бойынша міндеттемелерін орындамаған және 30 сәуірде "СҚ-Фармация" компаниямен келісімшартты біржақты бұзған. Денсаулық сақтау министрлігі өкілі осы кезеңде екі мыңға жуық медицина қызметкері COVID-19 жұқтырғанын айтты.

Алдын ала тыңдауда Шәріптің адвокаттары оны қамаудан босату немесе үй қамауына алу туралы өтініш берді, бірақ сот өтінішті қабылдамаған.

Шәріп 2006 жылдың қазанынан 2008-дің сәуіріне дейін Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) тұрып, ОҚО Денсаулық сақтау департаментінде жұмыс істеді.

"Осы кезеңде Шәріп Шымкенттің қару-жарақ дүкенінен МР-461 "Қарауыл" маркалы ұңғысыз атыс қаруын, 18х45 калибрлі тапаншаны, сондай-ақ тапаншаға патрондар сатып алды.

"Жекелеген қару түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" заңның 6-бабына сәйкес, ұңғысыз атыс қаруы қызметтік қаруға жатады. ІІО-дан қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсат алған заңды және жеке тұлғаларға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға рұқсат етіледі. 

Атыс қаруын сақтауға және алып жүруге рұқсаты жоқ Шаріп 2007 жылдың тамызынан 2020 жылдың 6 тамызына дейін өзін-өзі қорғауға арналған тапаншаны заңсыз сақтаған", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Оның айтуынша, қару Шәріптің пәтерінен 2020 жылдың 6 тамызында тінту кезінде табылған. Тапаншамен бірге пайдалану кітабы, төрт травматикалық патрон және атыс патронының оқсауыты болды. 

"Осылайша, Шәріп жаралайтын патрондары бар атыс қаруын заңсыз сақтай отырып, Қылмыстық кодекстің 287-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылық жасады, - деді прокурор айыптау актісінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары