27 сәуірде Таразда Қордайдағы ұлтаралық жанжалға байланысты 51 айыпталушыға сот үкімі оқылып жатыр. Азаттық радиосының хабарлауынша, ең ауыр жаза Жұмахан Ботабасовқа кесілген.
Айыпталушылар
1. Сейілханов, 83 жылғы – 272 бап (3-бөлік) сот залынан босатылады
2. Серіков, 81 жылғы – 272-бап (3-бөлік) сот залынан босатылды
3. Серік Есенов – 272-бап (3-бөлік)
4. Дастан Қалниязов, 91 жылғы – 272-бап (3-бөлік) сот залынан босатылды
5. Құдырет Мұхтарұлы – 272-бап (3-бөлік)
6. Мейрамбек Рашидұлы – 272-бап (3-бөлік)
7. Бақытжан Жолдасбекұлы – 272-бап (3-бөлік)
8. Аян Бақытжан Әскербеков, 97 жылғы – 272-бап (3-бөлік)
9. Шамиль Хасанов – 272-бап (3-бөлік)
10. Жасұлан Мыңжасаров – 272-бап (3-бөлік) 5 жыл шартты жаза
11. Нұрбол Асанов – 272-бап (3-бөлік)
12. Алмас Әубәкіров – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл түрме жазасы
13. Бақыт Мақсұтов 5 жыл шартты жаза
14. Мақсат Мажыраев – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
15. Саян Сапарбекұлы – 272-бап (2-бөлік)
16. Байке Құрманғазыұлы – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
17. Сағынтай Ишкеев – 272-бап (2-бөлік)
18. Шакир Мауров – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
19. Аидир Машанло 5 жыл шартты жаза
20. Бакир Дауров – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
21. Исмар Ушуров – 272-бап (2-бөлік) ақталды
22. Закир Юнху – 272-бап (2-бөлік) 6 жыл шартты жаза
23. Ролан Шогелов – 272-бап (2-бөлік)
24. Қуаныш Сәрсенбаев – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
25. Төлеген Балғабеков – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
26. Сапар Әлиев – 272-бап (1,2,3-бөлік) 5 жыл түрме жазасы
27. Мурат Қибеков – 272-бап (1,2,3-бөлік) сот залынан босатылды
28. Мақсат Чарабас – 272-бап (1,2,3-бөлік) 5 жыл түрме жазасы
29.Бақытбек Ибрагимов – 272-бап (2-бөлік)
30 Елдар Нұрәлі – 272-бап (1,2,3-бөлік)
31. Саров Харки – 272-бап (2-бөлік) 5 жыл шартты жаза
32. Азамат Ториев – 272-бап (2-бөлік), 180-бап (3-бөлік) 5 жыл түрме жазасы
33. Ақжол Әлімбай – 272-бап (2-бөлік), 188-бап ( 3-тармағы)
34. Нұржан Иманбаев – 272-бап (2-бөлік), 188-бап ( 3-тармағы)
35. Руслан Серғазиев – 272-бап (2-бөлік), 188-бап (3-бөлік)
36. Әділет Бажанов – 272-бап (2-бөлік), 419-бап (3-бөлік) 5 жыл түрме жазасы
37. Юсуп Шинху – 272-бап (2-бөлік), 419-бап (3-бөлік) 6 жыл шартты жаза
38. Эрсе Дауров, – 272-бап (2-бөлік), 381-бап, (3-бөлік ) 16 жыл түрме жазасы
39. Мадияр Жунусов – 272-бап (2-бөлік), 380-бап 1-бөлік 5 жыл түрме жазасы
40. Медет Тоқобай - 99- бап ( 2-бөлік), 272-бап 17 жыл түрме жазасы
41. Әнуар Оразай, 287-бап, 192-бап, 272-бап 11 түрме жазасы
42. Жұмахан Ботабасов, 99-бап, 272-бап 20 жыл түрме жазасы
43. Ринат Иманғазиев, 192-бап, 272-бап 7 жыл түрме жазасы
44. Югур Чиншанло, 99-бап, 272-бап 16 жыл түрме жазасы
45. Сангуй Шимар, 272-бап 16 жыл түрме жазасы
46. Ислам Зимуров, 272-бап, 99-бап 5 жыл түрме жазасы
47. Хижин Исмар, 272-бап 5 жыл түрме жазасы
48. Хижин Мухарме, 272-бап 5 жыл түрме жазасы
49. Мадияр Кәрібаев, 272-бап 16 жыл түрме жазасы
50. Мақсат Солтонаев, 272-бап, 287-бап, 97-бап
51. Ерік Бәйтенов, 272-бап, 282-бап, 98-бап
Кесте Азаттық радиосының сайтынан алынды
Қордайдағы жанжалға байланысты сот процесі 2020 жылдың желтоқсан айынан бері жалғасып келеді. Тараздағы сотта 51 айыпталушының ісі қаралып жатыр. Оларға Қылмыстық кодекстің "Жаппай тәртіпсіздік", "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру", "Қорқытып алу", "Қарақшылық" және "Адам өлтіру" баптары бойынша айып тағылып жатыр.
2020 жылы 7 ақпанда түнде Жамбыл облысы Қордай ауданында қазақтар мен дүнгендер арасында қақтығыс болған. Оқиға кезінде 11 адам қаза тапқан. Жанжалдан соң 120-дан астам қылмыстық іс қозғалып, 50-ден астам адамға айып тағылған. Прокуратураның мәліметінше, Қордайдағы ұлтаралық жанжал кезінде 164 үй мен сауда орны, 100 көлік қираған. 342 адам жәбірленуші деп танылған. 400-ден астам сараптама жүргізіліп, 1,5 мыңнан астам адам сұралған.