$ 494.87  520.65  4.91

Өскеменнің экс-әкімі партиядан қуылды

Платонов Тұмабаевты экспортты ілгерілету департаментінің директоры қызметінен босату туралы ұсыныспен министрлік басшылығының атына хат жолданғанын да хабарланды.

Адам өлімімен аяқталған жол апатынан кейін қызметінен қуылып, кейін Сауда министрлігіне басшылық қызметке тағайындалған Өскеменнің экс-әкімі Қуат Тұмабаев Nur Otan партиясынан шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы партияның бақылау комитетінің төрағасы Артур Платонов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қуат Тумабаевтың Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаментінің директоры лауазымына тағайындалуы саяси платформаның құндылықтары мен партия мүшесінің этика кодексіне қайшы келеді.

"Осыған орай, бақылау комиссиясының ұсынысы бойынша Қ.Тұмабаев партияның беделін түсіргені үшін партиядан шығарылды", - деп жазды ол өзінің Facebook-те.

Платонов Тұмабаевты экспортты ілгерілету департаментінің директоры қызметінен босату туралы ұсыныспен министрлік басшылығының атына хат жолданғанын да хабарлады.

Еске салайық, Қуат Тумабаев Риддерде адам өлімімен аяқталған жол апатының куәгері болған еді. Жол-көлік оқиғасы 2018 жылдың 15 сәуірінде шамамен сағат 21.00-де болды. Кейінірек Өскемен әкімінің адам қаққан шенеуніктің көлігінде болғаны анықталды. Жол апатынан 18 жастағы Евгений Смольников қаза тапқан еді.

Іс материалдарында жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып, адамды қағып кеткенін көргені және соған қарамастан Тұмабаев рөлге отырып кетіп қалғаны көрсетілген. Оның айтуынша, ол оқиға болған жерден кеткісі келмеген. Керісінше жедел жәрдем көлігін көріп оны қуып жетуге тырысқан.

Жол апатында қаза болған Евгений Смольниковтың әкесі іс бойынша объектив тергеу жүргізу үшін ел Президентіне үндеу жолдаған еді.

Қалалық соттың үкімімен Қуат Тұмабаев ӘҚБтК-нің "Міндетті сақтандыру бойынша шарт жасасудан жалтару" бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Алайда сот сол кезде Өскемен қаласы әкімі көлік иесі болмағанын ескеріп, шешімнің күшін жойған.

Осыдан кейін Қуат Тұмабаев Өскемен әкімі қызметінен кетті.

Кейін 2021 жылы 21 сәуірде ол мемлекеттік қызметке оралғаны белгілі болды. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, ол экспортты ілгерілету департаментінің басшысы лауазымына тағайындалған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары