$ 444.32  473.33  4.76

Астанада бойжеткен таныс жігітінің тракторын ұрлап кеткен (ВИДЕО)

Өз әрекетін бикеш "көлікпен серуендегім келді" деп түсіндіріпті.

Нұр-Сұлтандық бойжеткен таныс жігітінің ZL-30 жүк тиегіш көлігін айдап әкеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елордалық азамат жүк тиегішті әлдебіреу айдап әкеткенін айтып, полицияға шағымданған. Оның сөзінше, ZL-30 жүк тиегіш көлігі құрылыс компаниясына тиесілі екен.

Кейіннен анықталғандай, ер азамат кешке үйіне таныс бойжеткенді үйіне шақырған. Алайда артынша ішімдікке мас болып ұйықтап қалған. Мұны пайдаланған бикеш жүк тиегіштің кілтін алып, оны айдап әкеткен. 

Жүк тиегішті тізгіндеген бойжеткен қаладағы бейнебақылау камераларына түсіп қалыпты. Ол жоғары жылдамдықпен көшеде жүйіткіп, тіпті, Брусиловский көшесінде Mersedes көлігін зақымдаған. 

Полицияға ұсталған 25 жастағы бойжеткеннін жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталыпты. Өз әрекетін бикеш "көлікпен серуендегім келді" деп түсіндіріпті. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары