$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда вакцинация құжаты 15 мың теңгеден сатылған

eGov-та сізге вакцина салынғаны туралы құжат тұрады.

Алматыда вакцина салынғаны туралы электрон құжатты бірнеше клиниканың атынан беретін "делдал" пайда болды, - деп хабарлайды "Еуразия" бірінші арнасы". 

Телеарна журналистері "делдалмен" клиент ретінде байланысқа шыққан. 

- Төлқұжатыңыз бен мекенжайыңызды WhatsApp-қа жіберіңіз. 

- Оның бағасы қанша?

- Екі доза үшін 15 мың теңге 

- eGov-тан тексерген кезде мәліметтер тұра ма?

- Шығып тұрады, мен бұған дейін құжатты алған адамдардың үлгісін жібере аламын. Бірінші кезеңі бүгін, екіншісі 18 мамырда. Содан кейін eGov-та сізге вакцина салынғаны туралы құжат тұрады. 

Сонымен қатар, "делдал" құжат бағасы таңдаған клиникаға байланысты 5-25 мың теңге аралығында болатынын айтқан. Телеарна тілшілеріне заңсыз қызмет туралы көрермендердің бірі хабарлаған. Бұл өзі туралы ақпарат жасырын болып қалуды сұраған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары