Қазақстанда азаматтығы бар өзге ұлт өкілдерімен бірге дүнгендер де әскерге шақырылып, әскер қатарында борышын өтейді. Мұны ҚР ҚК бас штабының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаменті бағытының аға офицері Руслан Тапашев айтты, деп жазады qadam.asia порталы.
Оның айтуынша, әскерге шақырылған азаматтардың арасында дүнген жастары бар.
«Әскерге шақырылған жалпы азаматтардың 0,2 пайызын дүнген ұлтының өкілдері құрайды», — деп қысқа қайырды Руслан Тапашев Орталық коммуникациялық орталығында өткен брифингте.
Айта кеткен жөн, Қазақстанда жыл сайын әскер қатарына 35 мың азамат шақырылады. Оның 0,2 пайызын алсақ, шамамен бұл 70 адам.
Ал жыл сайын Қазақстанда мерзімді әскери қызметпен бірге контракт бойына әскери қызметтік мерзімнен 100 мың адам дайындықтан өтеді.
Қазақстандағы дүнгендердің саны 50 мыңға жуық.