$ 446.49  475.38  4.79

Қазақстан-Қытай шекарасы уақытша жабылады

Қазіргі уақытта Қазақстан - Қытай шекарасында 2 темір жол және 3 автокөлік өткізу пункттері жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасындағы мереке күндеріне байланысты ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы Қазақстан - қытай шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісім негізінде "Нұр Жолы", "Достық", "Бақты" автокөлік өткізу пункттері 2021 жылғы 1, 7 және 9 мамырда жұмыс істемейді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қазақстан - Қытай шекарасында 2 темір жол ("Достық" және "Алтынкөл") және 3 автокөлік ("Нұр Жолы", "Достық", "Бақты") өткізу пункттері жұмыс істейді, жалғасып жатқан карантиндік шектеулерге байланысты бұл пункттер арқылы тек жүктер мен тауарларды ғана өткізу жүзеге асырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары