ҚР еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева "Ең алғашқы" бағдарламасына берген сұхбатында темекіге әуес болғанын мойындады, деп жазады Skifnews.kz ақпарттық порталы paryz.kz-ке сілтеме жасап.
Сұхбат барысында қазіргі уақытта спортпен шұғылдануына байланысты жаман әдетінен арылған ол қашаннан бастап темекіге жақын болғанын айтып берді.
"Алғаш рет темекі шеккенім есімде. Ұят-ай, бәленің бәрі тоғызыншы класста басталыпты ғой. (...) Айнаш құрбым тоғызыншы бітіріп кеткен. Ол ауылға келгенде екеуміз туалетке кіріп шеккенбіз, ұят-ай. Қораның арты, тағы басқа жерлер бар, туалетке мамам кірмей ма?! Мынаны былай аласың, аузыңа қаратай түтінді ішіңе аласың деп үйреткен құрбым. Қақалып, шашалып..", - деп күліп еске алды актриса.