Невшехир провинциясында 2009 жылдан бері Қазақстанның Түркиядағы құрметті консулы болған Халил Улуер жұбайы Фатмамен бірге жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы хабарлады деп жазды azattyq-ruhy.kz .
«Халил Улуер қазақ-түрік бауырластығы мен ынтымақтастығы үшін елеулі үлес қосып еді. Қазақстанның көк туын түрік жұртында әрдайым желбіретіп, Қазақстан үшін мақтан тұтатын біртуар азамат еді», – деп жазды дипломат.
Абзал Сапарбекұлы марқұмның пандемия кезінде Түркиядағы қазақстандық студенттерге көмектесіп, Қазақстанға гуманитарлық көмек жолдап, қол ұшын берген қамқоршылардың алдыңғы шебінде жүрген азамат болған.