Reuters ақпараттық агенттігі бүгін Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қайтыс болғаын мәлімдеді. Бұл туралы агенттікке елшілікте істейтін дереккөздер хабарлаған.
Айта кетейік, бұған дейін Самарқан қаласында президентті жерлеу рәсіміне дайындық жүріп жатқанын "Ферғана" порталы мен жергілікті "Азаттық" радиосының сайты хабарлаған болатын. Каримовтың денесі жер қойнына 3 қыркүйекте тапсырылады делінген аталған хабарламада.
Ал, Өзбекстанның министрлер кабинеті болса бұл ақпаратты растаған жоқ. Олар президенттің әлі тірі екенін, бірақ хал үстінде жатқанын ресми жариялады.
Айта кетейік, ең алғаш болып өзбек лидерінің көз жұмғанын fergana.ru порталының бас редакторы Даниил Кислов өзінің Фэйсбук-парақшасында мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Ислам Каримов 29 тамыз күні 15:35-те жан тапсырған.
Өзбек мемлекті басшысының инсульт алғаны белгілі. Оның қызы Лола Каримова әкесінің миына қан құйылғанын 30 тамыз күні әлеуметтік желіде жазды.