Жаңалықтар 28.04.2021 сағат 16:40

Нұрсұлтан Назарбаев: менің арманым орындалды деп айтуға болады

Елордада Тұңғыш президент, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтіп жатыр.
Нұрсұлтан Назарбаев: менің арманым орындалды деп айтуға болады
Фото: ашық дереккөзі
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев өзін "тұрақтылық" сөзі үшін сынайтын оппозиционерлерге жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Мен халықтың бірлігі мен қауіпсіздігін, тұрақтылық пен тыныштықты әрдайым бірінші орынға қойып келдім. Бірақ кейбір оппозиционерлер осы үшін мені сынайды: "Неге үнемі тұрақтылық, тыныштық деп айта береді" дегенін талай естідім. Сонда не, тұрақсыздық жақсы ма? Біз тұрақсыздық не екенін көріп отырмыз. Төңкерістен төңкеріс, соғыстан соғыс, мемлекет дамымайды, бәрінен артта қалып қояды. Тұрақтылық, азаматтардың тыныштығы әрбірімізге байланысты", - деді Елбасы ҚХА сессиясында.

Ол Қазақстан әлемнің эпицентріне айналғанын, ұлтаралық, діни қақтығыстардан ада болғанын қалайтынын жеткізді.

"Азаматтарымыз бен балаларымыз қақтығыстарда көз жұмғанын қаламаймын. Өкінішке қарай, мұндай жағдайларды түрлі елдерден көріп отырмыз. Бүгінде менің осы арманым орындалды деп айтуға болады", - деді Тұңғыш президент.

Елордада Тұңғыш президент, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтіп жатыр.

Ассамблеяның кезекті сессиясының күн тақырыбы "Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы" деп аталды.

Сессия жұмысына алты жүзден аса адам онлайн қатысып жатыр. Олардың арасында барлық өңірдегі Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің басшылары, ҮЕҰ, ғылым, шығармашылық интеллигенция және БАҚ өкілдері бар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар