29 сәуірде ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет мекемесі.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр жетеді.
Ақмола облысында күндіз секундына 15-20 метр жылдамдықпен батыстан және солтүстік-батыстан жел соғуы мүмкін.
Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз бұрқасын жел соғады.
29-30 сәуір күндері Қарағанды облысында найзағай болады, 30 сәуірде күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстік, солтүстік-шығыс аумағында жел секундына 15-20 метр жылдамдықта соғады.
Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, тұман түседі.