29.04.2021, 07:24

QazVac вакцинасының құрамы белгілі болды

фото: inform.kz
Оның барлық компоненті сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды әзірлеу кезінде апробациядан (сынақтан) өткен.

QazVac (QazCovid-in) – бұл инактивтендірілген, тазартылған және концентрацияланған вакцина. Оның құрамына алюминий гидрототығы – адъювант қосылған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

 Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, отандық вакцинаны әзірлеу барысында жылдар бойы қолданылған технология пайдаланылды. Оның барлық компоненті сенімді, өйткені олар басқа вакциналарды әзірлеу кезінде апробациядан (сынақтан) өткен. Инактивтендірілген вакцинаны әзірлеу платформасы белгілі және қауіпсіз болып табылады. Оның құрамындағы компоненттер азаматтар бұрын алған вакциналардың құрамында болған. Вакцинаға қосылған бір ғана жаңа компонент – инактивтендірілген вирус. Инактивтендірілген вакцина дәстүрлі және тиімді болып саналады, оны дайындау технологиясы күрделі емес және вакциналардың басқа түрлеріне қарағанда қауіпсіз. Сондықтан қазақстандық ғалымдар инактивтендірілген вакцина жасау туралы шешім қабылдады.

 

Тегтер: вакцина QazVac