29.04.2021, 19:36

Кеденшілер құны 187 млн теңге болатын контрабанданың жолын кесті

фото: Orda.kz.
Дұрыс мәлімделмеген тауардың және декларацияланбаған тауардың жалпы кедендік құны 187,2 миллион теңгені құрады.

«Құрық» теңіз портындағы кеденшілер Маңғыстау көлік прокуратурасымен бірлесіп, Еуразиялық экономикалық одақ шекарасы арқылы контрабанда тасымалының жолын кесті деп жазды Orda.kz .

– Контрабандалық жүк тасымалдайтын екі ауыр жүк көлігі Түркиядан «Құрық» теңіз портына келді. Тауарға ілеспе құжаттарға сәйкес, тауарларды Түрік өндірушілері Өзбекстан мен Қырғызстан азаматтарының атына жіберген, — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мәлімделген тауардың артық салмағы – 34,5 тонна. Мәлімделмеген тауардың негізгі салмағы – 5,9 тонна болу керек. Олар шекара арқылы тәпішке, халат, әйелдер шарфы, футболкалар, жейделер, курткалар және басқа да киімдерді тасымалдауға тырысты.

– Дұрыс мәлімделмеген тауардың және декларацияланбаған тауардың жалпы кедендік құны 187,2 миллион теңгені құрады. Олар бойынша тиесілі кедендік төлемдер мен салықтар – 80,7 миллион теңге, – деп атап өтті комитетте.

Процессуалдық шешім қабылдау үшін материалдар Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.