$ 447.4  477.55  4.76

Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері Саят Мыңбаев өмірден өтті

Саят Мыңбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту хабарламасы ведомствоның ресми сайтында жарияланды.
Фото: ІІМ баспасөз қызметі
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Саят Мыңбаев қайтыс болды, деп хабарлады inform.kz ұлттық қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап.

Саят Мыңбаевтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту хабарламасы ведомствоның ресми сайтында жарияланды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері Саят Мыңбаев
"Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-майор Мыңбаев Саят Мұхаметбайұлының қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшылығы мен "ҰҚК органдарының ардагерлері" РҚБ марқұмның отбасы мен туған-туыстарының  қайғысына ортақтасып көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Ашық ақпарат көздеріндегі деректерге сүйенсек, Саят Мыңбаев ҰҚК-нің әскери қарсы барлау бөлімінің бастығы болып бұрынырақта қызмет атқарған. Ол "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың ағасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары