$ 494.87  520.65  4.91

Бес күнде бес бұқаны жалмаған нендей індет?

Жамбыл облысында індет енді ірі қараға ауыз салды. Бас-аяғы бес күнде Жамбыл ауданындағы Аса ауылында бес бұқа сеспей қатқан, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Малдың сары безгектен өлгенін мамандар бүгін ғана анықтап отыр.

— Ойда-жоқта мал қырылып жатыр. Өзіміз малға қарап отырған адамбыз. Малмен тіршілік етіп, нанымызды тауып отырған едік, — дейді Аса ауылының тұрғыны Жандос Әлиев.

«Жандос Әлиев бірер күнде бес бірдей ірі қарасынан айырылды. Өгіздері бірінен соң бірі арам қатқан. Өзі дертке дауа таппай әбден сандалса керек, қолына түскен дәріні еге беріпті. Келген мамандары да мәнісін түсіне алмады деп отыр. Ал жауаптылар жануарлардың сары безгектен өлгенін тек бүгін ғана анықтаған. Малдың иесінен шағым түспеді деген шенділер дер кезінде хабар берсе аурудың алдын алуға болар еді дейді», делінген телеарна сюжетінде.

Мамандардың сөзіне сенсек, даурығуға негіз жоқ, індет жұқпалы емес. Мұндай дерт кене шаққаннан пайда болатын көрінеді.

Айта кетейік, аталған ауданда осындай жағдай бұған дейін де болған еді. Яғни, күні кеше ғана мұнда құрт ауруынан 60-қа жуық қой қырылып қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары