$ 494.87  520.65  4.91

Карантин кезінде еліміздегі туу көрсеткіші рекордтық деңгейге жетті

Бұл туралы ОКҚ алаңында есеп берген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

2020 жылы босану саны өткен жылмен салыстырғанда 22 мыңға артты. Бұл туралы ОКҚ алаңында есеп берген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім етті.

«Өткен жылы тірі туылған балалар саны 427 мыңнан астам адамды құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 24 мыңға көп. 2020 жылы босану саны 2019 жылмен салыстырғанда 22 мыңға артты. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде біз экстракорпоралдық ұрықтандыруға квоталар санын 2020 жылғы 1 105-тен 2021 жылы 7 мыңға дейін ұлғайттық», - деді Алексей Цой.

Айта кетейік, жыл сайын халыққа 7 мың квота беріледі. Республиканың 8 қаласында қазіргі уақытта қосалқы репродуктивтік технологиялар қызметін орындайтын 27 клиника жұмыс істейді, олардың 19-ы МӘМС шеңберінде қызмет көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары