$ 494.87  520.65  4.91

«ҚазАвтоЖол» басшысы өзіне таңылған айыпқа қатысты пікір білдірді

Бірінші сатыдағы сот шешімі бойынша мен көлік құралдарын басқару құқығымнан айырылдым.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының жаңа басшысы Асқар Мұратұлы алты жыл бұрынғы "көлік жанжалына" қатысты пікір білдірді. Сол кезде ол Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі қызметін атқарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2015 жылғы наурызда сот Асқар Мұратұлын бір жылға жүргізуші куәлігінен айырған. Ол Toyota Land Cruiser 200 жол талғамайтын көлігіне басқа көліктің мемлекеттік нөмірін тағып басқарды деп айыпталған. Мұратұлының айтуынша, кейін оны кінәсі дәлелденбегендіктен сотта ақтап шығарған.

"Бірінші сатыдағы сот шешімі бойынша мен көлік құралдарын басқару құқығымнан айырылдым. Бірақ соңында оны қайтарды және сот арқылы айыппұл алып тасталды. Себебі бұл құқықбұзушылық дәлелденген жоқ. Қазір бұл оқиғаға қатысты БАҚ өкілдері мені көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған деп жазып жүр. Алайда бұл объективті емес және болған жағдайды толық ашып жазбайды", - деді "ҚазАвтоЖол" жаңа басшысы.

Айта кетейік, 2015 жылдың 8 ақпанында кешкісін Зеренді ауылында полиция Toyota Land Cruiser 200 көлігін тоқтатқан болатын. Көлік тізгінінде аудан әкім болғаны, ал мемлекеттік нөмір бөтен көлікке тиесілі екені хабарланған. Полиция әкімшілік хаттама толтырып, материалды сотқа жіберді. Онда Асқар Мұратұлы кінәлі деп танылып, бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне тәртіптік шаралар қабылдау туралы шешім жіберілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары