$ 494.87  520.65  4.91

«Отыруға болмайды»: Алмазбек Атамбаевқа ауыр диагноз қойылды

Атеросклероз, коронарлық артерия кальцинозы және бірнеше диагноз қатар қойылған.

Қырғыз елінің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевқа ауыр диагноз қойылды. Бұл туралы экс-президенттің адвокаты Замир Жоошев айтты.

Құқық қорғаушының айтуынша, 1 сәуір күні тексеру кезінде жүректің коронарлық ауруы, ФК 2 кернеуінің стенокардиясы, атеросклероз, коронарлық артерия кальцинозы және бірнеше диагноз қатар қойылған.

«Дәрігермен жеке әңгіме барысында маған коронарлық артерия кальцификациясы науқасты инфарктқа дейінгі жағдайға алып барады», деді Замир Жоошев.

Оның айтуынша, Атамбаевқа отыруға болмайтынын ескерткен.

«14 сәуірде «Қой-Таш» оқиғалары бойынша қылмыстық істі қарайтын судья Әзірет Медеров экс-президент Алмазбек Атамбаевтың денсаулық жағдайын анықтау бойынша сот-медициналық сараптама тағайындау туралы шешім шығарды.

Сараптама қорытындысының нәтижесі бойынша Атамабаевқа Қырғызстанда немесе шетелде толыққанды медициналық ем алу мүмкіндігі беріледі деп ойлаймын», дейді құқық қорғаушы.

Айта кетейік, Алмазбек Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалған болатын. 2019 жылы 7-8 тамызда Қой-Таш ауылындағы тәртіпсіздіктер, сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген айыппен экс-президент қамауға алынған.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары