02.05.2021, 01:24

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Фото: inform. kz
2 мамырда Павлодар облысында> түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік күтіледі.

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 2 мамырда Ақмола облысында> оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

2 мамырда Түркістан облысының> кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші жекелеген аумақта 15-20 м/с артады.

2-3 мамырда Қарағанды облысында>шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Түнде 3 мамырда кей жерлерде 3 градусқа дейін үсік сақталады.

2 мамырда Павлодар облысында> түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік күтіледі.

2 мамырда Қызылорда облысында> күндіз кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 23-28 м/с дейін артуы ықтимал.

2 мамырда Батыс Қазақстан облысының> кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.

2 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының> кей жерлерінде түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, түнде жекелеген аумақтарда күші 23-28 м/с жетеді.

Сондай-ақ «Қазгидрометтің» мәліметінше, 2 мамыр күні жекелеген өңірде нөсерлі жаңбырға байланысты Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары және Алматы қаласы маңындағы тау бөктерлерінде ағынды судың қалыптасуы және өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.

Бұдан бөлек, жылымықтын әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыз болуына және жауын-шашынның күтілуіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында (2500 метр биіктігінен кг жоғары) 2-4 мамыр аралығында қар көшкіні қаупі сақталады. Көшкін жүру қаупіне орай қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды.