Жаңалықтар 02.05.2021 сағат 08:04

Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады

Пасха дәстүрлері жаңару мен жақсылықты, мейірімділік пен әділдікті дәріптейді.
Тоқаев Пасха мерекесімен құттықтады
Фото: akorda.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Қымбатты отандастар!

Еліміздегі православ христиандарын көктемнің жарқын мерекесі – Пасхамен құттықтаймын!

Бұл қастерлі мейрам жұртшылықты қайырымдылық жасауға, жақынға жанашыр болып, мұқтаж жандарға қамқорлық көрсетуге үндейді.

Пасха дәстүрлері жаңару мен жақсылықты, мейірімділік пен әділдікті дәріптейді.

Жаһандық індет бәрімізді сынға салған қазіргі кезеңде жалпыадамзатқа ортақ осы құндылықтардың маңызы артып, өзара түсіністікті, татулық пен келісімді нығайтуға септігін тигізуде.

Бүгінгі шуақты мереке әр шаңырақты бақыт пен қуанышқа бөлей берсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Пасха мерекесі құтты болсын!

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар