$ 448.89  477.93  4.76

Нұр-Сұлтанда 300 шаршы метр аумақ өртеніп кетті (ВИДЕО)

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Елордада құрғақ шөп өртеніп жақын маңдағы жеке үйге тарап кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   

«2 мамырда сағат 12-22-де Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері келіп түскен хабарламаға Сарыарқа ауданы, Бөгенбай даңғылы 73/1 мекенжайы бойынша шықты. Келген бойда құрғақ шөптің жануы және өрт жақын маңдағы жеке үйге таралып кеткені анықталды. Өрттің алдын ала болжам бойынша жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта жеке құрамнан 15 адам және 3 бірлік техника құрамында өрт сөндірушілер өртті жою бойынша жұмыс істеуде. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - делінген Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі хабарламасында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары